Оқиғалар

«Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы достық» атты халықаралық көрмеcі

Әбілхан Қастеев атындағы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылдың 22-24 тамыз күндері Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті,  «Chine Post Group» корпорациясы,  Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның  Сиандағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белбеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына  орай «Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы  достық» атты халықаралық көрме өтеді. Көрме «Бір белбеу, бір жол» жобасының аясында Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар, олардың сауда-экономикалық қарым-қатынасы, тарихы мен мәдениетін дәріптеу, екі ел арасындағы мәдени байланысты дамыту,  Қытай және Қазақстан жасөспірімдерінің  сурет салу өнері бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылады.  Көрмеге Қытай мен Қазақстанның өнерлі жасөспірімдерінің 80 жұмысы қойылады.

Суретшіні еске алуға арналған «Валерий Приходьконың метаморфозалары» көрмесі.

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылғы 16 маусымда сағат 16:00-де суретшіні еске алуға арналған «Валерий Приходьконың метаморфозалары» көрмесі ашылады.

«Біз біргеміз» атты ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрылуының 30 жылдығына арналған көрмесі

2023 жылдың 8 маусымында сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Біз біргеміз» атты ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрылуының 30 жылдығына арналған көрмесі ашылады.

Батыс Еуропа Өнері. XVI - XIX Ғасырлар.

Құрметті көрермендер!
Көрме залдарының қайта өңделуіне байланысты, жазғы кезеңде Батыс Еуропа өнері залынының уақытша жабылатынын хабарлаймыз.

Клара мен Дана Исабаевалардың жеке коллекциясынан «Тәуелсіздік бейнелері» атты көрмесі

2023 жылдың 15 маусымында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Клара мен Дана Исабаевалардың жеке коллекциясынан «Тәуелсіздік бейнелері» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.